Еуропа Ақ үйде болған дау-дамайдан кейін Зеленскийді қолдады

Арман Қайыпхан

  • 01.03.2025

Еуроодақ көшбасшылары Владимир Зеленскийді Дональд Трамппен Ақ үйдегі Сопақ кабинеттте болған дау-дамайдан кейін қолдайтындарын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еуропалық көшбасшылар Украина президенті мен АҚШ президенті арасындағы шиеленісті кездесуден кейін Киевке толық қолдау білдірді. Өткен аптада болған пікір алмасудан кейін бұл кездесу нәтижелі болады деп күтілген еді, бірақ ол тез арада қызу дауға айналды.

Сіз жақсы жағдайда емессіз. Қолда тұрған ештеңеңіз жоқ. Сіз миллиондаған адамдардың өмірімен және үшінші дүниежүзілік соғыспен ойнап отырсыз. Сіз біздің елге құрметсіздік танытып отырсыз. Рақмет айтқаныңыз жөн. Адамдар өліп жатыр, сізде әскер жетіспейді. Сіз бізге бітім туралы шешім қабылдауға талап қоя алмайсыз, – деді Трамп Зеленскийге.

Бұл жағдайға байланысты Еуроодақ Киев пен Зеленскийді қолдайтынын мәлімдеді.

Украина – бұл Еуропа! Біз Украинаны қолдаймыз. Бүгін еркін әлемге жаңа көшбасшы қажет екені анық болды. Біз, еуропалықтар, осы сын-қатерді қабылдауымыз керек, – деді ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі басшысы Кая Каллас.

Урсула фон дер Ляйен өз сөзінде:

Сіздің абыройыңыз украин халқының батылдығына лайық. Сіз жалғыз емессіз, құрметті президент Зеленский, – деді.

Оның сөзін Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта және Еуропарламент төрайымы Роберта Метсола қолдады.

Германия канцлері лауазымына үміткер Фридрих Мерц:

Біз бұл сұм соғыста агрессор мен құрбанды ешқашан шатастырмауымыз керек, – деп мәлімдеді.

Ал қазіргі канцлер Олаф Шольц:

Киев Берлин мен Еуропаға толықтай сене алады, – деп атап өтті.

Франция, Ұлыбритания, Польша, Испания, Ирландия, Исландия, Литва, Молдова және Швеция көшбасшылары да Украинаға қолдау білдірді.

Франция президенті Эммануэль Макрон:

Агрессор бар: ол – Ресей. Құрбан бар: ол – Украина. Біз үш жыл бұрын Украинаны қолдап, Ресейге санкция енгізгенде дұрыс жасадық – және бұл саясатты жалғастыруымыз керек, – деді.

Испания үкімет басшысы Педро Санчес:

Украина, Еуропа сенімен бірге, – деп мәлімдеді.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Украинаға қолдау көрсету туралы мәлімдеме жасап:

Ұлыбритания Украинаны берік қолдайды және оның егемендігі мен қауіпсіздігіне негізделген тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін бар күшін салады, – деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Польша премьер-министрі Дональд Туск:

Қымбатты украиналық достар, сіздер жалғыз емессіздер, – деп атап өтті.

Алайда, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан басқаша пікір білдіріп, Трампқа алғыс айтты:

Күшті адамдар бейбітшілікке жетеді, әлсіздер соғысады. Бүгін президент Дональд Трамп бейбітшілік үшін батыл күресті, бірақ көпшілікке бұл қабылдау қиын болды, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Кездесуден кейін Трамп Truth Social желісінде сирек кездесетін минералдарға қатысты келісімнің күшін жойғанын мәлімдеп:

Президент Зеленский Американың қатысуы оған артықшылық береді деп ойлайтындықтан, бейбітшілікке дайын емес екенін түсіндім. Мен артықшылықты емес, бейбітшілікті қалаймын. Ол Ақ үйде АҚШ-қа құрметсіздік танытты. Ол бейбітшілікке дайын болғанда ғана қайтып келе алады, – деп жазды.

Зеленский оған жауап ретінде АҚШ-қа алғысын білдіріп:

Украинаға әділ және ұзақ мерзімді бейбітшілік қажет, және біз соған ұмтылып жатырмыз, – деп мәлімдеді.

Фото: AP Photo

Байланысты жаналықтар

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

27.03.2025

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

27.03.2025

Украина тұтқындарды босатуды сұрады. Путин де шарт қойып отыр

26.03.2025

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

25.03.2025

Украина мен Ресей 175 тұтқынымен алмасты

19.03.2025
MalimBlocks
Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің мақсаттары мен қорқыныштары туралы айтты

Украина тұтқындарды босатуды сұрады. Путин де шарт қойып отыр

Ресей мен Украина бітімгершілікке қатысты түсініктеме берді

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Украина мен Ресей 175 тұтқынымен алмасты