457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Германияда адам құқы нашарлап кетті - АҚШ мемлекеттік департаменті

Бұл туралы "Неміс толқыны" хабарлады. АҚШ мемлекеттік департаментінің баяндамасы жарық көрді.


Онда, "Германия 2024 жылы жалпы алғанда адам құқын құрметтейтін" депті. Бірақ, герман билігінің "кейбір топтарды экстремистік деп тауып, олардың сөз бостандығына шектеу қоюы" мемдепартаментті алаңдатады. Экстремистік деп тапқан топтардың әрекеті ретінде - нәсілдік алауыздықты қоздыру, Холокостты мойындамау, нацизмді қолдау аталған. Бұған қоса, Германиядағы журналистерге полиция тарапынан қысым, әлеуметтік желілердегі мазмұнды реттейтін заң жобалары сияқты келеңсіздіктер де аталып өткен. Басты проблема ретінде - антисемитизм аталыпты. Бұл ретте зираттар мен Холокст құрбандарына қойлыған ескерткіштерді бүлдіру аталады. Дегенмен, баяндамада герман билігі "сенім ұялататын қадамдар жасап жатыр" деген де жолар бар.

Фото: Amnesty international