Германияның жаңа үкіметі де босқындар санын азайтпақ

Христиан-демократиялық одақ жетекшісі Фридрих Мерц Германия үкіметінің жыл сайын 100 мыңнан аспайтын ықтимал босқындарды елге кіргізу жоспары бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
Біздің идеямыз – бұл көрсеткіштерді қазір күрт қысқарту. Бұл енді алты таңбалы сан болмауы керек. Қалалар, муниципалитеттер, мектептер, ауруханалар мен жалпы инфрақұрылым шамадан тыс жүктелген, — деді Фридрих Мерц ARD телеарнасында берген сұхбатында.
ХДО жетекшісінің айтуынша, осы себепті жаңа үкіметтік коалиция келісімінде көрсетілгендей, Германия үкіметі репатриацияны (елге оралуды) және отбасы мүшелерін қосу бағдарламасын уақытша тоқтатуды жоспарлап отыр.
Сол уақытта Мерц босқын мәртебесін сұраушыларға елге шекарада кіргізбей-ақ, бірден бас тарту мақсатын растады.
Бұл жүзеге асады, — деп сендірді ол.
Бұл мәселеде көрші мемлекеттермен үйлесімді әрекет ету жұмыстары коалициялық келісім аясында басталып кеткенін айтты. Ол ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Мен Австрия үкіметі де бұл мәселені біз сияқты шешуге мүдделі деп ойлаймын, — деп қорытындылады ол.
Фридрих Мерцтің Бундестагта канцлер ретінде сайлануы 6 мамырға жоспарланған. 9 сәуірде ол жаңа үкіметтің миграциялық саясатты едәуір қатаңдататынын мәлімдеген болатын.
Фото: Pixabay