Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкян қызметіне кірісті

6 шілдеде Ирандағы президенттік сайлаудың екінші турында ол жеңіске жеткен.

Берік Дәулетов

  • 29.07.2024

Иран Ислам Республикасының XIV президенті Масуд Пезешкянның өкілеттігі ресми түрде бекітіліп, қызметіне кірісіп кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоғары лауазымды әскери офицерлердің, саясаткерлердің және шетелдік дипломаттардың қатысуымен Иранның рухани көсемі, 85 жастағы аятолла Әли Хаменеи Масуд Пезешкянды елдің жаңа президенті ретінде ресми түрде мақұлдаған. Мұндай іс-шара жаңа президент өкілеттігінің ресми түрде басталғанын білдіреді. Бұл туралы ол өзінің X парақшасында жазды.

Әли Хаменеи Пезешкия үкіметінің сыртқы саясатында «Осы жылдар бойы БҰҰ-ның ішінде де, сыртында да қысымға ұшыраған кезде Иранды қолдаған мемлекеттерге» басымдық беру керектігіне назар аударды. Мұндай елдердің ішінде ол Иранның көршілерін, сондай-ақ Африка мен Азиядағы мемлекеттерді атады.

Өз кезегінде Масуд Пезешкян Иранда реформалар қажет екенін атап өтті, бірақ ол «жоғарғы көшбасшының жалпы саясатын жүзеге асыруға» ұмтылатынын айтты. Сол күні Пезешкян өз жарлығымен Мохаммад Реза Арефті бірінші вице-президент етіп тағайындады.

6 шілдеде Ирандағы президенттік сайлаудың екінші турында Масуд Пезешкян жеңіске жеткен.

Фото: journal-neo.su

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент