Израильде соғыс жағдайындағы тергеуге шектеу қойылады

Израильде әскери қызметкерлерге қатысты істерді тергеу бойынша бас прокурордың өкілеттігін шектеуді көздейтін заң жобасы дайындалып жатыр, деп хабарлайды Анадолы.
Израильдің мемлекеттік KAN телеарнасының хабарлауынша, бұл заң жобасы келесі аптада министрлер комитетінде қаралады.
Ұсынысқа сәйкес, соғыс жағдайында әскери қызметкерлерге қатысты тергеуді бастау үшін бас прокурорға Израиль Қарулы күштері Бас штабы бастығының рұқсаты қажет болады.
Заң жобасын «Ликуд» партиясының депутаты Моше Саада ұсынған, оны 16 депутат қолдап қол қойған. Дегенмен, бұл заңның кісі өлтіру мен жыныстық сипаттағы қылмысқа қатысты әрекеттерге таралмайтыны нақты көрсетілген.
Израиль шенеуніктерінің бірі бұл бастама әскери қызметкерлерді шетелде қылмыстық қудалаудан қорғау үшін қажет екенін мәлімдеді.
Айта кету керек, көптеген израильдік әскерилер шетелге шықпауға мәжбүр болған, себебі олар Газа секторында жасалған әскери қылмыстарға байланысты қамауға алыну қаупінен қорқады.
Сонымен қатар, Израиль армиясы 2024 жылғы 23 наурызда Газа секторындағы Рафах қаласында болған оқиға сияқты жағдайларда да, әскери қызметкерлерге қатысты сот тергеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сол оқиғада 15 медицина және азаматтық қорғаныс қызметкері қаза тапқан болатын.
Фото: Анадолы

Ең көп оқылған
