Курскідегі шайқаста жарақат алған бірнеше тұрғын Мәскеуге жеткізілді

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Курс облысындағы атыстан жараланғандар туралы айтты. Аталған оқиғадан Мәскеу клиникаларына атыстан жараланған адам жеткізілген.

  • 08.08.2024

"Бүгін мәскеулік емханаларға жараланған бес адам келіп түсті. Олардың барлығы Курск облысында болған атыстан зардап шеккен", - деп жазды Собянин телеграм-арнадағы парақшасында.  

Ол жараланғандардың арасында екі баланың барын атап, оларды тікұшақпен балалар хирургиясы және травматология орталығына орналастырылғанын атады. Олардың барлығы ауыр жағдайда көрінеді. 

"Курскіге қосымша медициналық бригада аттандырылды. Олар жарақат алғандарға көмектесіп, қиын жағдайға тап болғандарды Мәскеуге жібереді", - деп толықтырды Мәскеу мэрі. 

Курск облысында 6 тамыз күні таңертең Укриан қарулы күштерімен шайқас басталды. Аймақтағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Наталья Листопадова бұған дейін зардап шеккен балалардың саны тоғызға дейін өскенін айтқан еді.
Ресейдің Бас штаб басшысы Валерий Герасимов 7 тамыз күні түстен кейін президент Владимир Путинге аймақтағы УҚК-нің ілгерілеуі тоқтатылғанын хабарлады.

Путин Курск облысындағы шайқасқа байланысты үйлерін кеткендерге 10 мың рубль көлемінде қаржы берілетінін айтты. 

Ресей президенті Курск облысының губернаторы Алексей Смирновпен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізген. Осы жиында ол өңірдегі тұрғындарға көмек көрсету тапсырма берді. 

Фото: РБК

Материал ВВС мен РБК ақпараты негізінде аударылып, дайындалды 
 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті