Маймыл шешегі: Германияда жаңа штаммды жұқтырған адам анықтылды

Жаңа штамм бұрынғысына қарағанда аса жұқпалы болып саналады

Мадина Қайнарова

  • 23.10.2024

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Германияның медициналық қызметтері елдегі маймыл шешегінің жаңа штаммын жұқтырған алғашқы жағдайды тіркеді. Бұл штамм бұрынғысына қарағанда аса жұқпалы болып саналады.

Роберт Кох вирусология институтының мәліметі бойынша, науқас инфекцияны  елден тыс жерде жұқтырған.

- Институт жағдайды мұқият қадағалайды және қажет болған жағдайда ұсыныстар береді, - делінген агенттіктің хабарламасында.

Бұған дейін жаңа штаммды жұқтыру жағдайлары Швецияда, Пәкістанда және Таиландта тіркелген.

14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің бірқатар елдерінде маймыл шешегінің таралуына байланысты денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жариялады.

Өткен аптадағы мәліметтерге сәйкес, жұқпалы ауру таралған кезден бері Африканың 1 мыңға жуық тұрғыны осы инфекциядан қайтыс болды. Инфекция Африканың 55 елінің 18-де таралды. Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша, жыл басынан бері инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 42 мыңнан асты, оның 8 мыңнан астамы расталған.

Маймыл шешегі – сирек кездесетін жұқпалы ауру, Орталық және Батыс Африканың шалғай аймақтарында таралған. Оның белгілері - жүрек айниды, дене қызуы көтеріледі, бөртпелер пайда болады, сонымен қатар бұлшықет ауырады.

Фото: avatars.dzeninfra.ru

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

07.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

Америка «қорғаныс қызметтерін» 50 миллион доллар немесе одан да көп сомаға жеткізуге рұқсат берген

Алматыда жер сілкінді

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды