457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

New York Times: Ресейдің байлары қытайлық күтушілерді жалдай бастады

Қытай тілінде сөйлейтін күтушілер ағылшын тілділерден кейін сұраныс бойынша ресейлік элита арасында екінші орынға шықты, деп жазады The New York Times газеті. Бұл Ресейде жалғасып жатқан қытайланудың бір қыры ғана.


Бай ресейліктер қытай тілінде сөйлейтін күтушілерді жиі жалдай бастады. Олар ағылшын тілділерден кейінгі екінші орынға көтеріліп, француз тілді күтушілерді ығыстырды, деп жазды 30 маусым, дүйсенбі күні, америкалық The New York Times газеті English Nanny компаниясының негізін қалаушы Валентин Гогольге сілтеме жасап.

NYT басылымына берген сұхбатында Гоголь қытай күтушілеріне деген үнемі өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін бар күшін салып жатқанын айтты, ал олардың жалақысы айына 5000 долларға дейін жетеді. Оның айтуынша, English Nanny клиенттері қазір қытай тілін ағылшын тілінен кейінгі екінші шет тілі ретінде қабылдайды.

Ресейді қытайландыру

Бұл – Ресейде жүріп жатқан қытайланудың бір ғана қыры, деп атап өтеді NYT. Басылым ресейлік оқушылар мен студенттер арасында қытай тіліне деген сұраныстың едәуір артқанын, Қытайда білім алуға деген қызығушылықтың өскенін, сондай-ақ қытай мәдениеті мен өнімдерінің танымалдығы артқанын жазады. "Батысқа табынған елде күтпеген жағдай орын алды: Қытай ресейліктер үшін қалаулы және сәнді елге айналды", – деп түйіндейді америкалық газет.

Қытайға деген қызығушылықтың күрт артуы соңғы үш жылда Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан ауқымды соғысы және Пекинмен саяси жақындасуы аясында байқалды, деп жазады басылым.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин немересінің қытай тілін меңгергенін айтқан еді. "Мен жақын туыстарым, туғандарым қытай тілін үйреніп жатқанын айтқанда, мен немеремді меңзедім. Оның тәрбиешісі Бейжіңнен, және олар қытай тілінде еркін сөйлеседі", – деп келтіреді The Moscow Times.

Фото: Irina Motina/Xinhua/picture alliance