457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нобель сыйлығы: комитет тексеріс жүргізіп жатыр

Нобель комитеті бейбітшілік сыйлығының лауреаты жарияланар алдында жасалған күмәнді бәс тігу әрекеттеріне байланысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап. 

Бұл туралы Нобель институтының басшысы Кристиан Берг Харпвикен норвегиялық Aftenposten басылымына хабарлады. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар Нобель сыйлығының иегерінің есімін алдын ала біліп, букмекерлік сайттарда бәс тігу арқылы пайда тапқан болуы мүмкін. 2025 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Венесуэла саясаткері Мария Корина Мачадо болды. Алайда шешім жарияланардан бірнеше сағат бұрын оның есімі күтпеген жерден букмекерлік платформаларда басты фаворитке айналған. Aftenposten мәліметінше, Polymarket сайтында Мачадоның жеңу ықтималдығы екі сағат ішінде 3,75 пайыздан 72,8 пайызға дейін күрт өскен. Сол уақытта оған бірнеше ірі бәс тігілген, олардың бірі 67 мың АҚШ долларын құраған. Кристиан Берг Харпвикен мұндай жағдай “сандық ақпараттың ағуы” нәтижесінде орын алған болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда ол тергеудің нақты мәліметтерін ашқан жоқ және алдын ала лауреаттың есімін білген адамдардың нақты санын атаудан бас тартты. Норвегиялық БАҚ дерегінше, бейбітшілік сыйлығының иегерін алдын ала тек бес адам ғана білуі тиіс болған.

Фото: epa/vostock-photo