Пейджерлер жарылып, 2700-ден астам адам жарақат алды

Зардап шеккендер - «Хезболла» мүшелері

Мадина Қайнарова

  • 18.09.2024

Ливандық «Хезболла» қарулы тобының жүздеген мүшесі  өздері қолданып жүрген пейджерлерінің жарылуы салдарынан жарақат алды. Бұл туралы Би-би-си  жазды.

Жарылыстарды бейнебақылау камераларына түскен кадрлардан көруге болады. Бір кадрда пейджер сауда үйінде жүрген адамның қалтасында жарылған.  

Ливан билігі жарылыс салдарынан 9 адам қаза тауып, 2750 адам жарақаттанғанын растады. Олардың ішінде 200 адамның жағдайы өте ауыр.

«Хезболла» екі жауынгерінің және 8 жастағы қыз баланың қаза тапқанын хабарлады. AFP агенттігінің мәліметі бойынша, ол - осы ұйымдағы адамның қызы.

Жарақат алғандардың қатарында «Хезболла» жауынгерлері мен медицина қызметкерлері, сондай-ақ Иранның Ливандағы елшісі де бар. Иран телеарнасының ақпараты бойынша елші жеңіл жарақаттанған.

Ливанның мемлекеттік ақпараттық агенттігі жарылыстардың көбі негізінен Бейрут астанасының оңтүстік ауданында болғанын хабарлады.

Ливанға көршілес Сирия елінде де бірнеше пейджер жарылған екен. Сирия астанасы Дамаск қаласында және оның маңындағы елді мекендерде 14 адам зардап шеккен. Олардың қай елдің азаматтары екені әлі белгісіз.

Сондай-ақ пейджерге 10-20 граммдық күшті жарылғыш зат салынған деген ақпарат бар. Сарапшылардың пікірінше, жарылғыш заттарды жалған электронды бөлікке жасыруы мүмкін. Бұдан кейін арнайы әріптік-цифрлық хабарлама арқылы іске қосылады.

Би-би-си тілшісінің хабарлауынша, пейджерлердің 1%-дан төмені ғана өлімге себепші болған,  дегенмен жүздеген адам ауыр жарақат алды, сондықтан бұл «Хезболла» үшін айтарлықтай психологиялық соққы болды.

Фото: bbc.com

Байланысты жаналықтар

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізіп жатыр

06.05.2025
MalimBlocks
Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

Әлемдегі ең бақытты қалалардың рейтингі жарияланды

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізіп жатыр