"Путин соғысты тоқтатқысы келмейді" - Зеленский
6 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский украин халқына жасаған үндеуінде Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғысты тоқтатқысы келмейтінін, керісінше, оны күшейтуді көздеп отырғанын мәлімдеді

6 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский украин халқына жасаған үндеуінде Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғысты тоқтатқысы келмейтінін, керісінше, оны күшейтуді көздеп отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.
"Бүгінгі ресейлік соққыда Қара теңіз акваториясынан ұшырылған зымырандар болды. Серіктестер бұл зымырандардың қандай кемелерден, қай теңіз аймағынан ұшырылғанын жақсы біледі. Ресейдің бітімге келмеуінің бір себебі – олар Қара теңізден біздің қалаларымыз бен порттарымызға соққы жасау мүмкіндігін сақтап қалғысы келеді", – деді Зеленский.
"Путин соғысты тоқтатқысы келмейді – ол қақтығысты кез келген сәтте одан әрі өршіту үшін жол іздеп жатыр. Сондықтан Ресейге қарсы барлық ықпал ету құралдары қажет – қорғаныс қабілетімізді күшейту, санкцияларды сақтау және Мәскеумен сондай деңгейде дипломатиялық келіссөз жүргізу, ол соғысты жалғастыру мүмкіндігінен толық айырылуға тиіс", – деп қосты ол.
Зеленскийдің айтуынша, Украина АҚШ-тың толық әрі сөзсіз атысты тоқтату ұсынысына келіскен, алайда Ресей бас тартып отыр.
"Біз АҚШ-тан жауап күтіп отырмыз – әзірге келмеді. Еуропа мен әлемдегі барлық бейбітшілікті қалайтын елдің реакциясын күтеміз", – деді Украина президенті.
Ол Ресей әскері күн сайын баллистикалық зымырандар ұшырып, адамдарды өлтіріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, Сумы, Харьков, Днепр, Херсон, Запорожье, Донецк облыстары және басқа да аймақтар тұрақты түрде шабуылға ұшырап отыр.
"Бүгін – Киевке қарсы ресейлік баллистика. Бейбіт тұрғындар күн сайын қаза тапуып жатыр. Күн сайын – дипломатия үшін жоғалған мүмкіндіктер. Мұндай жағдайға үнсіз қарауға болмайды", – деді Зеленский.
Айта кетейік, наурызда Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ ұсынған 30 күндік бітім бойынша бірқатар шарт қойған. Бұл шарттардың арасында Украинадағы мәжбүрлі мобилизацияны тоқтату және Қарулы күштерді қайта жарақтандыруды доғару талаптары бар.
Фото: bbc.com