Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

Malim Админ

  • 06.05.2025

2024 жылы Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктестері болды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсіп, дәстүрлі нарықтардағы позициясын нығайтып, минералды ресурстардың сенімді экспорттаушысы мәртебесін сақтап қалды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай, Ресей және Италия еліміздің ірі сауда серіктестері болды — дәл осы үш мемлекетке экспорттың да, импорттың да негізгі көлемі тиесілі. Қазақстанның экспорттық кірісі 2024 жылы 81 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл соманың жартысынан астамы, яғни 42,9 млрд АҚШ доллары  шикі мұнайға тиесілі, бұл бүкіл қазақстандық экспорттың 52,5% құрайды. Сонымен қатар, ел сыртқы нарыққа  уран ( 4,6 млрд АҚШ доллары), мыс және мыс катодтарын (4,1 млрд АҚШ доллары), сондай-ақ мыс кендері мен концентраттарын 3,2 млрдАҚШ доллары) белсенді түрде жеткізді, – делінген министрлік ақпаратында.  

2025 жылы Қытаймен, Ресеймен және Еуропалық Одақ елдерімен стратегиялық әріптестікті дамыту, сондай-ақ Орталық Азия нарықтарындағы позицияларды нығайту басым болып қала бермек.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

06.05.2025

Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

06.05.2025

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

06.05.2025

Вьетнамдық компания Қазақстаннан әуежай сатып алмақ

06.05.2025

Трамп Ердоғанмен Украина туралы сөйлесті

06.05.2025

Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

06.05.2025
MalimBlocks
Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

Вьетнамдық компания Қазақстаннан әуежай сатып алмақ

Трамп Ердоғанмен Украина туралы сөйлесті

Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?