Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

Арман Қайыпхан

  • 11.04.2025

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда қақтығысы күшейе түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

11 сәуір, жұма күні ҚХР Қаржы министрлігі Вашингтонның жаңа тарифтеріне жауап ретінде Қытай АҚШ-тан әкелінетін тауарларға кедендік баж салығын 125 пайызға дейін арттырғанын хабарлады. Жаңа тарифтер 12 сәуірден бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Ақ үй Қытай импортына арналған баж салығын 145 пайызға дейін көтергенін растады. Бұл – 41 пайыздық пунктке артты деген сөз. Қытай да дәл осындай көлемде – 84 пайыздан 125 пайызға дейін көтеру арқылы симметриялы жауап қайтарды.

Алайда Бейжің алдағы уақытта АҚШ тарапынан болатын жаңа тарифтік қысымдарға жауап бермейтінін мәлімдеді.

Қытай билігінің мәлімдеуінше, «қазіргі деңгейдегі тарифтер жағдайында американдық тауарларды ел нарығына енгізу тиімсіз».

Сондықтан Қытай бұдан әрі АҚШ-тың кедендік шектеулерін елемек. Бірақ, егер Вашингтон Қытай мүддесіне нұқсан келтіруді жалғастырса, Пекин «қатаң түрде жауап беріп, соңына дейін күреспек».

Қытай үкіметі АҚШ президенті Дональд Трамптың әрекеттерін қатаң сынға алды.

Бейжің АҚШ енгізген «шектен тыс жоғары» баж салықтарын «халықаралық экономикалық және сауда ережелерін өрескел бұзу» деп бағалап, оларды «экономика заңдылықтарына және қарапайым ақылға қайшы» деп атады.

Қытай тарапы мұны «қысым көрсету мен қорқыту» деп сипаттады. Тағы бір мәлімдемеде АҚШ егер тарифтерді өсіре берсе, «әлемдік экономика тарихында күлкіге қалуы мүмкін» делінген.

Сонымен қатар Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына ресми шағым түсіретінін мәлімдеді. Ал Дональд Трамп өз кезегінде Қытайды «құрметтің жоқтығына» айыптады. Ол 9 сәуірде Қытайдан басқа барлық елдерге тарифтер бойынша мораторий енгізетінін жариялаған еді.

Бейжіңде Испания премьер-министрі Педро Санчеспен кездескен Қытай төрағасы Си Цзиньпин: «Сауда соғысында жеңімпаз болмайды», – деп атап өтті. Ол Қытай мен Еуроодақ арасындағы экономикалық байланыстарды «тығыз симбиоз» деп атады. Сонымен қатар Си Қытайдың қазіргі дамуына «өз бетінше, табандылықпен жеткенін» және ешкімнің рақымына сүйенбей, қысымнан қорықпай алға басатынын айтты. «Әлемдегі өзгерістерге қарамастан, Қытай өзіне сеніммен қарай береді», – деді ол.

Фото: daniel0Z/Zoonar/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды

23.05.2025

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшты

22.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025
MalimBlocks
Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшты

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшты

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім