457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қытайлық маньяк Германияда 22 рет зорлық жасады деген күдікке ілінді

Қытай азаматы бірнеше жыл бойы Telegram мессенджерінде өзге зорлықшылармен байланыс орнатып, оларға ұйықтататын дәрілермен бөліскен, Malim.kz Дойче Веллеге сілтеме жасап.

Франкфурттағы Майн қаласының прокуратурасы 43 жастағы Қытай азаматын 2020 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың қарашасына дейін 22 қылмыс жасады деп күдіктеніп отыр.

Кей жағдайларда ол пәтерді көргісі келетін клиент ретінде әйелдерге барып, өз құрбандарын ұйықтататын дәрі арқылы есінен тандырып отырған. Ол жасаған қылмыстарын видеоға түсіріп отырған.

2024 жылы Германиядағы Strg_f зерттеу жобасының журналистері Telegram-да бірнеше зорлықшы топтарын тапқан соң, полиция тергеу жұмыстарын бастаған. Бұл топтарда Германия азаматтары да бар, кейбірінде ондаған мың адам тіркелген. Қатысушылар жәбірленушілерді ұйықтатып, кейін зорлау үшін қандай дәрілер қолданатынын талқылаған.

Мысалы Германия тұрғыны өз әйелін зорлау үшін басқаларға “ұсынып”, бұл үшін арнайы ұйықтататын дәрі сатып алғанын айтқан.

Қазіргі таңда күдікті қараша айынан бері тергеу изоляторында отыр. Сот процесі әлі басталған жоқ.

Фото: depositphotos.com