Ресей алып кеткен Украина балаларының аты-жөні анықталды
Йель қоғамдық денсаулық мектебі жанындағы гуманитарлық ғылыми-зерттеу тобы Зерттеушілер Украинадан алынған 300-ден астам баланың аты-жөнін анықтаған.
«Америка дауысының» хабарлауынша, Ресейдің мәжбүрлі асырап алу және қамқоршылық жүйесінің құрбаны болған 314 баланың аты-жөні белгілі болды.
«Ресей федерациясы Украинадан балаларды жүйелі, саналы және ауқымды түрде мәжбүрлеп әкетіп, оларды асырап алушыларға және қамқоршыларға берумен айналысады», – делінген хабарламада.
Зерттеушілер украиналық балаларды «орыстандыру» ниетімен жасалған операцияны Ресей президенті Владимир Путин мен оның қоластындағы қызметкерлерінің тапсымасымен орндалатынын айтады.
Хабарламаға сәйкес, 2022 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Ресей президенті әкімшілігінің тікелей бақылауындағы балалар Ресей федерациясының туын желбіреткен әскери-көлік ұшақтарымен Украинадан әкетілген.
Алдымен олар аралық пункттерге, атап айтқанда, Курск және Ростов облыстарындағы уақытша ұстау изоляторлары мен мектептерге жеткізілді.
Қазір Украинадан алынған балалар Ресейдің кем дегенде 21 аймағында болуы мүмкін.
Анықталған 314 украиналық баланың кем дегенде 208-і Ресейдің асырап алу деректер базасына орналастырылды немесе Ресей азаматтарының қамқорлығына берілді.
Сонымен қатар, қамқоршыларға оларды Украина азаматтығынан айырып, Ресей азаматы етуге рұқсат етілген.
«Украинадан келген 314 баланың кем дегенде 67-сі Ресей азаматтығын алған, дегенмен Йельдегі құқық қорғау тобы ресми түрде натурализацияланған балалардың саны айтарлықтай жоғары деп болжайды».
Зерттеу авторлары өздері анықтаған балалардың әрқайсысы үшін жеке мәліметтері бар досье құрастырды. Бұл құжаттар Халықаралық қылмыстық сот прокуратурасына, сондай-ақ Украина билігіне берілді.
Украина билігінің ресми мәліметі бойынша, 2024 жылдың 24 шілдесіндегі жағдай бойынша, жаппай соғыс басталғаннан бері Украинадан Ресейге 19 546 бала депортацияланған. Бұл тек ресми тіркелгендері. Ресей болса 700 мың бала депортацияланғанын айтады.
Фото: Telegram/Maria Lvova-Belova