457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей делегациясы Ыстанбұлға «меморандумды» жарияламай барады

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Ресей делегациясы 2 маусымда Украинамен екінші келіссөздер раундына қатысу үшін Ыстанбұлға барады. Алайда бұған дейін Киев сұратқан бітім бойынша ұсыныстар жазылған «меморандумның» ресейлік нұсқасы жарияланбайды.

«Түсінікті жайт — ештеңе жарияланбайды. Мұны жариялау мүмкін емес», — деді Песков жұма, 30 мамыр күні Мәскеуде журналистерге.

Ол сондай-ақ Ресей де, Украина да бейбіт реттеу құжатының нұсқаларын жария етпейтінін айтты.

Кремль өкілі қос меморандум жобасы Ыстанбұлдағы келіссөздер барысында талқыланады деп үміт білдірді. Алайда Ресей бұл құжатты Украинаға нақты қашан ұсынатынына қатысты сұраққа жауап бермеді.

Ресейлік ақпарат құралдарының дерегінше, Песков келіссөздер барысында нәтижеге қол жеткізілсе, Ресей мен Украина делегацияларының тікелей байланысы жоғары деңгейдегі кездесулерге ұласуы мүмкін екенін айтты.

«Президент Путин бірнеше рет жоғары деңгейдегі кездесулерге қағида бойынша қарсы емес екенін айтқан. Әрине, олар қажет. Бірақ мұндай кездесулер алдымен дайындалып, нақты нәтижеге қол жеткізілген соң ғана өтуі тиіс», — деді Песков.

Бұл мәлімдеме Түркия Сыртқы істер министрлігінің ел президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей, АҚШ және Украина президенттерін қабылдауға дайын екені туралы хабарынан кейін айтылды.

Сол күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесіп, Ыстанбұлдағы Ресей мен Украина арасындағы екінші келіссөздер раундына дайындық барысын талқылады, деп хабарлады Ресей СІМ.

Фото: ALEXANDER NEMENOV/AFP/Getty Images