Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

Арман Қайыпхан

  • 08.05.2025

Кремльде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің келіссөздері өтті. Бұл туралы 8 мамыр күні Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Си Цзиньпин Ресейге Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына арналған іс-шараларға қатысу үшін келген. Айта кетейік, бұл – оның Ресейге он бірінші сапары.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар "Жаңа дәуірдегі жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимылды тереңдету туралы" бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Сонымен қатар үкіметаралық және ведомствоаралық бірқатар құжаттар бекітілді.

Бүгінгі келіссөздерде саяси және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл, экономикалық байланыстар, мәдени-гуманитарлық алмасулар кеңінен талқыланды, — деді Владимир Путин.

Оның айтуынша, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және пайдалы қазбалар өндірісі саласында жалпы сомасы шамамен 200 миллиард долларды құрайтын 90-ға жуық бірлескен жоба жүзеге асырылуда немесе дайындық үстінде.

Сонымен қатар Мәскеу мен Бейжің ұлттық валюталар арқылы есеп айырысуды күшейту бағытында қадамдарын үйлестіріп отыр.

2027 жылға қарай Ресей Қиыр Шығыс арқылы Қытайға жылына 10 миллиард текше метрге дейін газ экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа құбыр жолын іске қосуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Транссібір және Байкал-Амур магистральдары жаңғыртылуда. Кремльдің мәліметінше, Солтүстік теңіз жолын дамыту мен коммерциялық пайдалануға қатысты маңызды прогресс бар.

Геосаяси мәселелерге келсек, Мәскеу мен Бейжің БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесі әлемдік істерде басты рөл атқаруы тиіс деген ортақ көзқарасты бөліседі. Сонымен қатар тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" бастамасы аясында ауқымды еуразиялық әріптестік құру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.

Путин алдағы қыркүйекте Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай Қытайға сапармен баруды жоспарлап отыр.

Фото: Pavel Bednyakov/AP Photo/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

08.05.2025

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

08.05.2025

Ресей мен Қытай Үндістан мен Пәкістанды сабырлыққа шақырды

07.05.2025

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

07.05.2025

Украина "бейбіт" аймақ құруға дайын – Трамптың арнайы өкілі

07.05.2025

Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

06.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

Ресей мен Қытай Үндістан мен Пәкістанды сабырлыққа шақырды

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы

Украина "бейбіт" аймақ құруға дайын – Трамптың арнайы өкілі

Трамптың өкілі Украина мен Ресей бақылау жасайтын демилитаризацияланған аймақ құруды ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады