457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқтады

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер 23 шілде, сәрсенбі күні кешке Стамбулда аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Тараптардың отырысы Владимир Мединский мен Рүстем Умеровтың кездесуімен бастады. Алғашқыда бұл кездесу Бешикташ ауданындағы Чыраған сарайында жеке форматта өткен деп хабарланған болатын.

Алайда кейінірек “РБК-Украина” дереккөзі делегация басшылары Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның қатысуымен қысқа дайындық кездесуін өткізгенін хабарлады.

Мединский мен Умеровтың кездесуінен кейін кеңейтілген құрамда үшінші раунд басталды. Келіссөз алдында Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан сөз сөйледі.

“Алғашқы екі раундта айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Екінші раундта тараптар атысты тоқтату туралы өз көзқарастарын білдіретін меморандумдармен алмасуы — маңызды алға жылжу деп бағаланады”, — деді ол.

Оның айтуынша, кездесулер арасында тараптар техникалық деңгейде байланыста болған. Фидан бұл кездесудің басты мақсаты – атысты тоқтату арқылы бейбітшілікке жол ашу екенін атап өтті. Сонымен қатар, Түркия атысты тоқтату режимінің сақталуын бақылауға қажетті инфрақұрылымға ие екенін жеткізді.

Хакан Фидан сөз сөйлегеннен кейін жергілікті телеарналар келіссөздердің өтетін залдан тікелей эфирді тоқтатты. Кездесу жабық режимде өтті.

Келіссөздердің басталуы мен аяқталуы арасындағы уақыт шамамен 40 минутты құрады. ТАСС агенттігінің дерегінше, үшінші раундты жалғастыру жоспарланбаған.

Тараптар әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды алмастыру туралы келісімге келген. Келіссөздердің төртінші раундын өткізу мәселесі жаңа уағдаластықтар орындалғаннан кейін қаралады.

Фото: Түркия СІМ