457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей мен Украина тұтқын алмасудың жаңа кезеңін бастады

Ресей мен Украина тұтқындар алмасудың жаңа кезеңіндегі алғашқы раундын өткізді. Бұл туралы 9 маусым, дүйсенбі күні Украинадағы соғыс тұтқындары мәселесі жөніндегі үйлестіру штабы, ел президенті Владимир Зеленский және Ресей Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алмастырылғандардың арасында 25 жастан кіші әскери тұтқындар бар. Украин тарапының мәліметінше, жарақат алған және ауыр жараланған сарбаздар да үйлеріне қайтарылған.

«Бұл – күрделі үдеріс, көптеген нәзік тұстары бар. Келіссөздер күн сайын дерлік жалғасып жатыр», – деп жазды Зеленский.

Алмастырылғандардың нақты саны әзірге жарияланған жоқ. Алайда тараптар бұл үдеріс алдағы күндері бірнеше кезеңмен жүзеге асатынын растады.

«Ыстамбұлда өткен кездесуде гуманитарлық мәселелер бойынша жасалған уағдаластықтар толық орындалады деп үміттенеміз», – деді Украина президенті.

Ресей Қорғаныс министрлігі Мәскеу мен Киев тең мөлшерде тұтқын алмасқанын нақтылады. Ресей әскери қызметкерлері қазір Беларусь аумағында, оларға қажетті көмек көрсетілуде. Кейінірек олар емделіп, оңалту үшін Ресейдің медициналық мекемелеріне жеткізілмек.

Украинадағы үйлестіру штабы қауіпсіздік мақсатында тұтқындар алмасу үдерісі толық аяқталғаннан кейін ғана босатылғандардың нақты саны жарияланатынын хабарлады.

Фото: Handout/Ukrainian Presidential Press Service/AFP

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған