Ресей Украинаға 344 дрон мен 30 зымыранмен шабуыл жасады

Ресей Украинаға жаппай әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері хабарлағандай, Ресей тарапы 344 дрон мен 30 түрлі зымыран қолданған.
Зымырандардың қатарында Х-101, «Искандер-К» және солтүстіккореялық «Искандер М/KN-23» баллистикалық зымырандары болғаны анықталды. Әуе қорғанысы күштері 185 дрон мен 23 зымыранды жойған. Тағы 129 дрон мен жеті зымыран бағытын өзгертіп, мақсатына жете алмаған.
Шабуыл нәтижесінде ең үлкен залал Одесса, Сумы және Павлоград қалаларында тіркелді. Одессада тұрғын үйге соққы тиіп, бір адам қаза тапты, алты адам жараланған. Сумы қаласында инфрақұрылымның зақымдануына байланысты бірнеше мың тұрғын жарықсыз қалды.
Украина Президенті Владимир Зеленский Telegram желісіндегі парақшасында бұл шабуылды айыптап, халықаралық қауымдастықты әрекет етуге шақырды.
Фото: Russisches Verteidigungsministerium/AP/picture alliance

Ең көп оқылған
