457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей WhatsApp қосымшасынан бас тартпақ

Ресей Мемлекеттік думасының ақпараттық саясат жөніндегі комитетінің орынбасары Антон Горелкиннің айтуынша, "WhatsApp-ты ресей нарығынан шығуға дайындау керек", деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша:

«Путин тапсырмасы бойынша WhatsApp зор ықтималдықпен үкімет әзірлеуі тиіс «сенімсіз елдерден шыққан бағдарламалық өнімдер» тізіміне енгізіледі» – деді ол 18 шілде, жұма күні Telegram-дағы каналда.

Горелкиннің пікірінше, WhatsApp-ты алмастырушы ретінде VK компаниясы әзірлеп жатқан ұлттық Max мессенджері ұсынылады.

Екінші танымал мессенджер Telegram болса, заң талаптарын орындап және нарықта қалуға ниетін дәлелдесе, «сенімсіз елдерден шыққан ПО» тізіміне кірмейді.

Сонымен қатар ол Telegram-ның юрисдикциясы толық анық емес екенін атап өтті, себебі ресейлік РКН реестрінде ел реті ретінде Британдық Виргин аралдары көрсетілген, ал негізгі офисті «біздің елдерге достық Араб Әмірліктерінде» орналасқан.

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осы мәлімдемеге қатысты:

«Заңдар орындалуы тиіс. Бұл – ең танымал сервис. Барлық сервистер сияқты, заңға сәйкес белгілі міндеттері бар. Заңдардың бәрі сақталуы керек» деді.

Фото: Imago/R. Peters