Садыр Жапаров қарындасының артық ақша жұмсағаны үшін кешірім сұрады

Президент күйеу баласының қылығын қолдамайтынын жеткізді.

Берік Дәулетов

Садыр Жапаровтың қарындасы Ләззат Нұрқожаеваға жігіті Оруу-Сай шатқалында сән-салтанатын келістіріп, үйленуге сөз салды. Ол жерге жастар ТЖМ-ның тікұшағымен ұшып келген. Болашақ жұбайлардың желіге тараған видеосын сынағандар көп болды. Қырғыз президенті қарындасы мен күйеу баласының ысырапшылдығы үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Malim.kz 24.kg-ға сілтеме жасай отырып. 

Әлеуметтік желіде көпшілік «ел басшыларының туыстары басқаларға үлгі болу керек емес пе, бәрінің тікұшақ жалдайтын мүмкіндігі жоқ. ТЖМ-ға осы үшін тікұшақ алдырды ма? Президенттің өзі ысырап жасамайық деген еді ғой» деген пікірілер қалдырған.

Президент күйеу баласының қылығын қолдамайтынын жеткізді. Сонымен бірге ТЖМ-ға сатып алған жаңа тікұшақтар өздерінің құнын ақтасын деп коммерциялық мақсатта қолдануға рұқсат берілгенін атап өтті.

Бұрын мен басқаларды сынайтын едім, енді өзімнің алдымнан шықты. Қарындасым үшін халықтан кешірім сұраймын. Әлі жас, бірақ қоғамның сыны көріп отыр. Содан сабақ алады деп ойлаймын, - деді Жапаров.

Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі/Сұлтан Досалиев

Байланысты жаналықтар

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025
MalimBlocks
АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды