Салынып жатқан метро опырылды: бір адам табылмай жатыр

Оқиға Оңтүстік Кореяда болған

Сұлу Бөлек

  • 12.04.2025

Оңтүстік Кореяда Кванмён қаласындағы салынып жатқан метро опырылды. Жұмысшылардың бірі әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі YonhapNews басылымына сілтеме жасап.

Сеул қаласының оңтүстігіндегі Кванмён қаласында метро құрылыс алаңында болған апаттан кейін із-түссіз жоғалған жұмысшы екі күннен бері іздестіріліп жатыр.

Жұма сағат 15:13-те Синансан желісінің құрылыс алаңы опырылып, жер үстіндегі жолдың бір бөлігі құлап, бірнеше ғимаратқа зақым келтірілген.

Бастапқыда бес жұмысшыны құтқару мүмкін болмаған, бірақ олардың үшеуі аман-есен табылған. Тағы біреуі – 20 жастағы экскаватор жүргізушісі – апат болғаннан кейін 13 сағат өткен соң, шамамен 30 метр тереңдікте құтқарылды.

Қазір билік өкілдері 50 жастағы бесінші жұмысшыны табуға бар күшін салып жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына жеті ит жұмылдырылған, сондай-ақ, ауыр техникалар қолданылмақ.

Полиция мен өртсөндірушілер жұмысшының ұялы телефоны арқылы орналасқан жерін анықтауға тырысқанымен, әзірге нақты орнын таба алмай отыр.

Ауа райы қызметі жексенбіде таңертеңге дейін ел астанасы мен маңайында найзағай мен жаңбыр күтілетінін, жауын мөлшері 40 мм-ге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады. Бұл жағдай іздеу жұмыстарын қиындатуы ықтимал.

"Бір адам әлі табылған жоқ, сондықтан біз бар күшімізді құтқару жұмыстарына жұмылдырамыз. Кешке жаңбыр жауады деп күтіледі, сондықтан біздің мақсатымыз – түске дейін операцияны аяқтау", – деді полиция өкілі.

Полиция апаттың нақты себебін анықтау үшін бөлек алдын ала тергеу жүргізіп жатыр.

Жұмада құрылыс алаңы босатылған болатын, себебі бірнеше тіреуден жарықтар табылып, құлау қаупі туралы ескерту берілген.

Апаттан кейін билік маңайда тұратын шамамен 2400 адамға эвакуация жариялады. Бұл бұйрық тек түн жарымынан кейін ғана қауіпсіздік тексерулерінен соң күшін жойды. Түнді эвакуациялық пункттерде өткізген 220 адамның барлығы үйлеріне қайтты.

Фото: Yonhap

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Бұрынғы президент пара алды деген күдікке ілінді

24.04.2025

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

21.04.2025

Аягөзде көпір құлап, үш адам суға кетті

17.04.2025

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

04.04.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025
MalimBlocks
Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Бұрынғы президент пара алды деген күдікке ілінді

Экс‑президенттің қызы мен күйеу баласына қатысты мемлекеттік айыптау әзірге кейінге қалдырылды

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

Былтыр елге 15,3 млн шетелдік қонақ келген

Аягөзде көпір құлап, үш адам суға кетті

Құтқарушылар екеуінің денесін лезде тапқанымен, үшіншісін күні бойы іздеді

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқаннан кейін төрт ай өткен соң Конституциялық сот оның импичментін қолдап, мемлекет басшысын қызметінен түпкілікті шеттетті

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты