Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғысу үшін Ресейге әскер жіберді

Malim Админ

  • 16.10.2024

Соңғы күндері Ким Чен Ын тізгінін ұстаған Солтүстік Корейге қатысты жаңалықтар әлемдік ақпараттық кеңістікті жылдам шарлап кетті. Соның ішінде, Ким Ресейге әскер жібергені белгілі болды. 

Украина президенті Владимир Зеленский 13 қазанда: «Солтүстік Корей Ресейге тек қана қару-жарақ емес, әскерін де жіберіп жатыр», - деп мәлімдеді.

14 қазанда: «Солтүстік Корей соғысқа араласты. Ресейге әскер жіберді. Енді олар Украинғаа қарсы қару асынып, майданға кіреді», - деді. 

Осыған дейін «Washington Post» Солтүстік Корейден Ресейге барған бірнеше мың сарбаз қазір Ресейде әскери дайындықтан өтіп жатқанын, ал жыл соңына дейін олар Украинадағы майданға жіберілуі мүмкін екенін жазған.

Бұл ақпаратты «The Guardian» басылымы да растады. «Солтүстік Корей Украинаға қарсы соғысқа жүздеген әскерін жіберді. Олар ресейлік әскерлерге зымыран қондырғыларымен жұмыс істеуге көмектеседі», - деп жазды.

Ресейге көмекке барған Ким әскері қазірдің өзінде «KN-23» зымырандарына арналған ұшыру қондырғыларының операторлары ретінде ресейлік позицияда қызмет қылып, соғысқа араласып жүр.

Батыс сарапшылары: «Солтүстік Корей Украина майданын өз пайдасына жаратуда. Атап айтқанда, Солтүстік Корей онда өз қаруын сынап, жауынгерлік тәжірибе жинақтауда», - дейді.

Осыған дейін БАҚ-та Украинаның Донецкі облысының окупацияланған бөлігіне соққы беруінен Солтүстік Корейдің 6 офицері қаза тапқаны белгілі болған.

Украина барлауының мәліметінше, Солтүстік Корей осы жылдың өзінде Ресейге 2 миллионнан астам снаряд пен «KN-23» зымырандарын берген.

Тақырыпқа тұздық: Биыл маусымда Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корей басшысы Ким Чен Ын «Ресей мен КХДР арасында жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы шарт» жасасты. Жаңа келісімшарт қатысушылардың біріне қарсы агрессия болған жағдайда өзара көмек көрсетуді көздейді.

Фото: РИА Новости 

Нұргелді Әбдіғани

Байланысты жаналықтар

Лавров: Ресей Украинадағы атысты тоқтатудан бас тартады

21.05.2025

Мадридте Януковичтің бұрынғы кеңесшісі атып өлтірілді

21.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

20.05.2025

Беларусь Солтүстік Кореямен ынтымақтастық орнатуда

19.05.2025

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025
MalimBlocks
Лавров: Ресей Украинадағы атысты тоқтатудан бас тартады

Мадридте Януковичтің бұрынғы кеңесшісі атып өлтірілді

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

Беларусь Солтүстік Кореямен ынтымақтастық орнатуда

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті