Трамп Илон Маскты жаңа қызметке тағайындады

Ол мемлекеттік бюрократияны жоюға, шығындарды қысқартуға және федералды агенттіктерді қайта құруға жұмыс істейді

Malim Админ

  • 13.11.2024

Дональд Трамп сайлау кезінде өзін қолдап, 200 млн доллар жұмсаған Илон Маскты Үкімет тиімділігі департаментінің жаңа басшысы етіп тағайындады. Трамп сонымен бірге Fox News арнасының жүргізушісін Пентагонның басшысы етуге ниетті.


Америка Құрама Штаттарының жаңа президенті Дональд Трамп бизнесмен, Tesla және Space X негізін қалаушы Илон Маскты үкіметтің тиімділігі департаментінің жаңа басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы саясаткер өзінің Truth әлеуметтік желісінде хабарлады.

– Мен ұлы Илон Масктың американдық патриот Вивек Рамасвамимен бірге үкімет тиімділігі департаментін (DOGE) басқаратынын қуана хабарлаймын, – деп мәлімдеді Трамп.

– Осы екі американдық бірге менің әкімшілігіме мемлекеттік бюрократияны жоюға, шығындарды қысқартуға және федералды агенттіктерді қайта құруға жол ашады, – делінген хабарламада.

Оның айтуынша, жаңа департамент үкіметтен тыс ұсыныстар жасайды, Ақ үймен және бюджеттік кеңсемен «кең ауқымды құрылымдық реформаларды» жүзеге асыру және үкіметке «бұрын-соңды болмаған» кәсіпкерлік көзқарасты қалыптастыру үшін жұмыс істейді.

Трамп сонымен бірге Пентагон басшысы лауазымына үміткерді ұсынды. Бұл лауазымға ол Fox News жүргізуші және Гуантанамо, Ирак пен Ауғанстанда қызмет еткен армия ардагері Пит Хегсетті шақырды.

– Пит қатал, ақылды және Америка бәрінен де жоғары екеніне сенеді, – деді Трамп.

Фото: sud.ua

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді