Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады
Ол бұған Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі деп айыптады

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы әскери әрекеттердің басталуына үш адам – Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі деп айыптады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі "Европейская правда"-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы ол 14 сәуірде Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Трамп тағы да "Путин Украинаға қарсы соғысты тіпті еске де алған жоқ" деп айтты. Ол Байденнің мұнай бағасын төмендету арқылы соғысты тоқтата алатын мүмкіндігі болғанын, бірақ ол бұл әрекетті жасамағанын жеткізді.
"Енді не істейміз? Бізде жерінің 25 пайызынан айырылған ел бар, ең жақсы жерлері қираған, миллиондаған адам қаза тапқан... Бұл Байденнің соғысы болды, мен оны тоқтатуға тырысып жатырмын. Және мен бұл жұмысты жақсы атқарамыз деп ойлаймын. Үміттенемін, біз бұған қол жеткіземіз", – деді Трамп.
Кейін ол бұл соғыстың басталуына жол берілмеуге тиіс болғанын айтты:
"Байден де, Зеленский де соғысты тоқтата алар еді, ал Путин оны мүлдем бастамауы керек еді. Барлығы кінәлі", – деді Трамп.
Одан соң ол тағы да "миллиондаған адам үш адамның кесірінен қаза тапты" деген сөзін қайталады:
"Айтайық, бірінші – Путин. Ештеңені түсінбеген Байден – екінші. Үшінші – Зеленский. Мен мұны тоқтатуға тырысып жатырмын. Адам өлімін тоқтатқым келеді. Және біз бұл бағытта жақсы жұмыс істеп жатырмыз деп ойлаймын. Жақында сіздер жақсы ұсыныстар естисіздер", – деді ол.
Журналист Трамптан Сум қаласына жасалған соққыға қатысты айтқан "қателік" сөзі не мағына білдіретінін нақтылауын сұрады. Ол:
"Қателік – бұл соғыстың басталуына жол беру болды", – деп жауап берді.
Осы күні Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғыстың басталуына тек Байден мен Зеленскийді кінәлаған болатын.
Фото: Reuters/РИА Новости