Түрмеден шыққан журналист Алсу Құрмашева – халықаралық сыйлықтың лауреаты

Марапаттау Рәсімі Нью-Йоркте 21 қарашада өтеді

Malim Админ

  • 20.09.2024

Тамыз айында тұтқындармен алмасу нәтижесінде ресей түрмесінен босатылған журналист Алсу Құрмашева Халықаралық Баспасөз Бостандығы Сыйлығымен лайық деп танылған журналистердің бірі болған еді. 

Лауреаттардың қатарында Палестиналық журналист Шрук Әл-Айла, Гватемалалық журналист Кими де Леон және нигерлік Самира Сабу бар, деп хабарлады бейсенбіде Журналистерді Қорғау комитеті (ЖҚК). 

Қор басшысы Джоди Гинсберг мәлімдемесінде:" Халықаралық Баспасөз бостандығы сыйлығының лауреаттары бүкіл әлемдегі репортерлар шындықты жасыруға тырысқан кезде, фактілерді жариялап, ерлік көрсетті", - деді. "Журналистер мен баспасөз бостандығын бұзатын заманда олармен бірге болу – біз үшін мәрбете”. 

"Азат Еуропа" / "Азаттық" Радиосы Прага редакциясының қызметкері Құрмашева Ресей түрмесінде тоғыз айдан астам уақыт отырды. Бостандыққа шыққаннан кейін "Америка дауысына" берген сұхбатында ол заңсыз ұсталған әріптестері мен басқа да БАҚ қызметкерлерінің тағдырына алаңдайтынын айтты. 

Әл-Айла — Газа аумағынан репортаж жасайтын палестиналық әйел журналист. Күйеуі – Ain Media компаниясының негізін қалаушылардың бірі . Ол Израиль мен Хамас арасындағы қимылдарын жариялау кезінде өлтірілген. Күйеуінің қазасынан соң Аin Media тәуелсіз продюсерлік компаниясын Әл-Айла басқарды. 

Соғыс журналистерге үлкен зиян келтірді. Сәрсенбі жарияланған ЖҚК мәліметінше, Хамас шабуылы басталғалы бері кемінде 116 журналист пен басқа да БАҚ қызметкерлері қаза тапқан. Қордың хабарлауынша, бұл журналистер үшін 1992 жылдан бергі ең қауіпті кезең. 

Гватемалалық журналист де Леон экология және адам құқықтары мәселелеріне маманданған Prensa Comunitaria жаңалықтар басылымының негізін қалаушылардың бірі. Сондай-ақ, ол жыныстық және репродуктивті құқықтарға арналған Ruda сандық журналының негізін қалаған. Жұмыс барысында Леон корпорациялар мен үкіметтің қысымына тап болды. 

Нигерден келген Сабу ел үкіметінің қызметі туралы есеп бергені үшін қамауға алынды. Журналист белсенді азаматтық ұстанымы үшін Блогерлер Қауымдастығының президенті болды.  

Нью-Йоркте орналасқан ЖҚК "Шекарасыз Репортерлар" ұйымының директоры марқұм Кристоф Делуарды да марапатталушылар қатарына қосқан. Ол маусым айында 53 жасында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. 

Делуар 2024 Жылы Gwen Ifill Press Freedom Award баспасөз бостандығы сыйлығымен марапатталады. Оны ЖҚК директорлар Кеңесі жыл сайын адамның баспасөз бостандығына деген адалдығын ескере отырып береді 

ЖҚК марапаттары 21 қарашада Нью-Йоркте табысталады. Рәсімді Last Week Tonight with John Oliver бағдарламасының жүргізушісі – Джон Оливер жүргізеді. Төрағалықты технологиялық мәселелерге арналған The Information жаңалықтар басылымының негізін қалаушы Джессика Лессин басқарады.

Фото: Азаттық радиосы 

Автор: BBC материалы негізінде әзірлеген – Айкөркем Сағат

Байланысты жаналықтар

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

07.05.2025

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

26.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

15.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяров босатылды

10.04.2025
MalimBlocks
Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

Ол — еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Қазспорттың» тұңғыш директоры болған

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

Тележүргізуші ел күтпеген мәлімдеме жасады.

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

Журналист Лұқпан Ахмедьяров босатылды