Украина мен Ресей 175 тұтқынымен алмасты

Арман Қайыпхан

  • 19.03.2025

Ресей мен Украина әскери тұтқындармен алмасып, бір-біріне 175 адамнан тапсырды. Бұл туралы 19 наурызда Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, бұдан бөлек, Киевке шұғыл медициналық көмекке мұқтаж Украина Қарулы Күштерінің 22 ауыр жараланған сарбазы берілген.

Айта кетейік, кеше Ресей президенті Владимир Путин Ақ үй басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін, Мәскеу «ізгі ниет белгісі» ретінде Украинаға 23 жаралы украиналық әскери қызметкерді жіберетінін уәде еткен еді.

РФ Қорғаныс министрлігі ресейлік әскери қызметкерлердің Беларусь аумағында екенін нақтылады.

Кейінірек Украина президенті Владимир Зеленский бұл алмасудың болғанын растап, оны «соғыс басталғалы бері ең көп адам алмасқан жағдай» деп атады. Ол үйіне оралған украиналықтар арасында «ауыр жараланғандар мен Ресей ойдан шығарған қылмыстары үшін қудалаған жауынгерлер» бар екенін айтты.

«Барлығына қажетті медициналық және психологиялық көмек шұғыл түрде көрсетіледі», – деді Зеленский.

Фото: UKRAINIAN PRESIDENTIAL PRESS/REUTERS

Байланысты жаналықтар

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

18.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025
MalimBlocks
Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты