457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украина мен Ресей қаза тапқан 6 мың әскеридің сүйегін алмасуға келісті

Ыстамбұлда Украина мен Ресей арасындағы келіссөз аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Келіссөзге қатысқан Украина қорғаныс министрі Рустем Умеровтің мәлімдемелері:

Ресей атысты тоқтатуға және екі ел президенттерінің кездесуіне келіспеді. Біз тек тұтқын алмасуға келістік. 

Ресей мен Украина тұтқындағы денсаулық жағдайы ауыр, сондай-ақ 25 жасқа толмаған әскерилерді алмасуға келісті. 

Ресей Украинаға атысты тоқтату бойынша ұсынысы жазылған меморандумды тапсырды. Киев құжатты қарап көреді. 

Екі тарап қаза тапқан әскерилердің сүйегін «6000-да 6000» формуласымен алмасуға келісті. 

Украина маусым айының аяғына дейін тағы бір келіссөз өткізуді ұсынды.

Фото: Francisco Seco/AP Photo/Pool/picture alliance