Украинаға қаза тапқан 1200 сарбаздың мәйіті қайтарылды

Украинаның әскери тұтқындармен жұмыс жөніндегі үйлестіру штабының 11 маусымда хабарлауынша, Украинаға Қарулы күштердің қаза тапқан 1212 әскери қызметкерінің мәйіті қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаза болғандар арасында Харьков, Луганск, Донецк, Запорожье және Херсон облыстарында, сондай-ақ Ресейдің Курск облысында мерт болған украин сарбаздары бар. Мекеме мәліметінше, олардың жеке басы жақын арада анықталады.
Әскери тұтқындар мен мәйіттерді алмасу туралы келісім 2 маусымда Ыстамбұлда өткен Украина мен Ресей делегацияларының келіссөздері барысында жасалған.
Толыққанды соғыс басталғалы бері Ресей мен Украина Қызыл Крест халықаралық комитетінің араағайындығымен қаза тапқандардың мәйітін тұрақты түрде алмастырып келеді. Соңғы алмасу 16 мамырда өтті – ол кезде Украинаға 909 әскери қызметкердің мәйіті қайтарылса, Ресей жағы 34 сарбазының мәйітін алған.
Фото: Narciso Contreras/Anadolu/picture alliance

Ең көп оқылған
