«Владимир, тоқта!»: Трамп Путинге үндеу жариялады

Арман Қайыпхан

  • 24.04.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Қарулы Күштерінің 24 сәуірге қараған түні Киевке жасаған соққыларына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жасады. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мен Киевке жасалған ресейлік соққыларға наразымын. Мұның қажеті жоқ еді, әрі бұл өте орынсыз уақытқа тұспа-тұс келді. Владимир, тоқта! Аптасына 5000 сарбаз қаза тауып жатыр», – деп мәлімдеді АҚШ басшысы.

Сондай-ақ Трамп тараптарды бейбіт келісімге келуге шақырды.

«Келісімге келейік», – деді ол.

Бұған дейін Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің Қырымды Ресейге беру туралы ұсынысқа келіспегенін сынға алған болатын. Бұл ұсыныс – америкалық Axios басылымы таратқан ақпарат бойынша, Парижде өткен келіссөздер барысында Украина делегациясына ұсынылған құпия бейбіт жоспардың негізгі тармақтарының бірі болған.

Еске салайық, 24 сәуірге қараған түні Ресей қарулы күштері Киевке баллистикалық зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасаған болатын. Киев мэрі Виталий Кличконың Telegram-дағы жазбасына сәйкес, соққы салдарынан кемінде 8 адам қаза тапқан, 77 адам жараланып, медициналық көмекке жүгінген. Шабуылдан 12 тұрғын үй зардап шеккені хабарланды.

Фото: Brendan Smialowski/Maxim Shemetov/AFP/Getty Images

Байланысты жаналықтар

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025
MalimBlocks
Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады