«Хезболланың» шабуылынан 4 адам опат болды

60-тан астам сарбаз жарақат алды

Malim Админ

  • 14.10.2024

«Хезболла» ұйымының Израильдің солтүстігіндегі әскери базаға жасаған дрон шабуылынан 4 израильдік сарбаз қаза тапты. 60-тан астам сарбаз жарақат алды. Бұл туралы ВВС жазды.


Израиль қорғаныс күштерінің хабарлауынша, Хайфаның оңтүстігіндегі Биньямин-Гиват-Ада бекетінде орналасқан базаға жасалған шабуыл кезінде жеті сарбаз ауыр жараланған.

Маген Давид Адом (MDA) медициналық қызметі бұған дейін шабуылдан 61 адам жараланғанын хабарлаған. 37 адам жедел жәрдем және тікұшақпен ауруханаларға жеткізілді.

Шабуылды «Хезболла» ұйымы өз мойнына алды. Ұйымның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл соққы Израильдің бейсенбі күнгі Ливанның оңтүстігі мен Бейруттағы шабуылдарына жауап ретінде жасалды.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, шабуыл кезінде әскери қызметкерлер асханада болған. Әлеуметтік желіде тараған суреттерде төбесінде соққыдан кейінгі тесігі бар бос асхана көрінеді.

Times of Israel газетінің алдын ала тергеу деректеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, «Хезболла» Жерорта теңізінен екі «Мирсад» ұшқышсыз ұшағын ұшырған.

Израильдік Alma Research зерттеу орталығының мәліметі бойынша, олардың «жою радиусы 120 шақырым, максималды жылдамдығы 370 км/сағ, 40 кг-ға дейін жарылғыш затты тасымалдауға және 3 км биіктікте ұшуға қабілетті».

Екі ұшқышсыз ұшақты израильдік радар қадағалады және оның біреуін Хайфаның солтүстік жағалауында қағып түсірді, ал екінші ұшақ жерге тым жақын ұшқандықтан радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды басылым.

Фото: Sputnik 

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан