457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленский Анкараға жетті

Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұшағы Анкара әуежайына қонды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

"Ресей делегациясының деңгейі "көзбояуға" ұқсайды. Келесі қадамдарды Ердоғанмен кездесуден кейін шешеміз. Ресей өкілдерінің қандай мандаты бар екенін түсіну керек", — деп мәлімдеді ол Түркия астанасына келісімен. 

Осы арада Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Түрік тарапының бастамасымен Мәскеу мен Киевтің келіссөздері күннің екінші жартысына ауыстырылғанын айтты.

Дегенмен, BBC-нің Түркия СІМ-дегі дереккөзінің айтуынша, Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының кездесуі нақты уақытқа белгіленбеген, сондықтан оның ауыстырылғаны туралы мәселе көтерілмеген.

Фото: HUSEYIN HAYATSEVER | REUTERS / SCANPIX