Зеленский: Путин Стамбулға келмесе, санкция салу керек

Украина президенті Владимир Зеленский 13 мамыр, сейсенбі күні Стамбулға сапары алдында мәлімдеме жасап, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей кездесу үшін Киев барлық күш-жігерін салатынын жеткізді.
«Біз бұл кездесудің өтуі үшін барлығын жасаймыз. Егер Путин расымен тек медиа үшін емес, шынайы өмірде де кездесуге дайын болса, онда біз көшбасшылар деңгейінде оқ атуды тоқтату туралы келісімге келу үшін барымызды саламыз. Себебі бұл мәселеде келіссөз жүргізуім керек жалғыз адам – ол Путин. Өйткені шешімді тек сол қабылдайды», – деді Зеленский.
Сондай-ақ ол АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты да Стамбулдағы келіссөздерге қатысуға шақырғанын айтты.
«АҚШ президентінің шешімін білмеймін, бірақ егер ол өз қатысуын растайтын болса, бұл Путиннің ұшып келу ықтималдығын арттырар еді деп ойлаймын», – деді Украина басшысы.
Зеленский Кремльдің соғысты тоқтатуға шынайы ниеті жоқ екенін тағы қайталап, Путин оқ атуды тоқтатуға да, қандай да бір келіссөздерге де мүдделі емес, әрі Зеленскиймен тікелей кездесуден қорқады деген пікір білдірді.
Фото: Ludovic Marin/REUTERS

Самое читаемое
