Зеленский: Украина әскерилері Қытай азаматтарын тұтқындады

Украина Қарулы күштері Донецк облысында Ресей армиясы жағында соғысқан екі Қытай азаматын тұтқындады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский 8 сәуір күні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, тұтқынға алынған шетел азаматтарынан жеке құжаттар, банк карталары және басқа да деректер табылған.
«Оккупант бөлімшелерінде мұндай Қытай азаматтарының саны бұдан да көп болуы мүмкін деген ақпарат бар», – деп жазды Зеленский.
Президент бұл мәселеге байланысты Украина сыртқы істер министріне Қытай тарапымен жедел байланыс орнатып, Пекиннің ресми ұстанымын анықтауды тапсырған.
Зеленский Ресейдің бұл әрекетін сынға алып, Қытайдың соғысқа тікелей немесе жанама түрде тартылуы — Путиннің соғысты тоқтатуға ниеті жоқ екенін көрсетеді деп мәлімдеді.
«Бұл жағдайға АҚШ, Еуропа және әлемде бейбітшілікті қалайтын барлық елдер назар аударуы тиіс», – деді Украина президенті.
Қазіргі таңда тұтқынға алынған екі Қытай азаматы Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) қарауында.
Фото: Lu Hanxin/AP/picture alliance