Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлия Назарбаеваның зауыттарының «тағдыры» жақында шешіледі

Қоғам
Әлия Назарбаеваның зауыттарының «тағдыры» жақында шешіледі

Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, Экология және табиғи ресурстар министрі «ӨКМ Операторы» зауыттарының тағдыры туралы сұраққа жауап берді.

Шын мәнінде, «ӨКМ»-нің мемлекет меншігіне берілуіне әрі сот дауларының қорытындысы байланысты… Казір зауыттар мемлекеттік мүлік комитетінің құзырында. Жақын арада зауыттардың тағдыры шешіледі деп ойлаймын.

Бірақ маңызды мәлімет: бұрын монополия болған. Бүгін біз нарықты зерттедік, өзгерістер енгіздік. Бүгінде рұқсаты бар кәсіпорындар кәдеге жаратумен айналысуға құқылы. Елде 196 кәсіпорын бар. Мүмкін бәрі бірдей жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ кез келген жағдайда әр аймақта бизнес дамып, көлікті кәдеге жаратумен айналысады, - деді министр.

Коллаж: Orda.kz

Еске сала кетейік, бірінші сатыдағы сот 2023 жылдың шілдесінде «ӨКМ Операторының» ісі бойынша үкім шығарған еді. Сол кезде экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, Коротенко және бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек кінәлі деп танылып, бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 26,8 млрд теңгені құрады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу