Алматы маңындағы картон зауытында ірі өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Куәгерлер редакцияға жолдаған видеода өрт шыққан аумақтан қою қара түтіннің көтеріліп жатқанын көруге болады. Олардың айтуынша, өрт Алматы қаласының Наурызбай ауданында, “Премьера” тұрғын үй кешенінің арт жағында болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дәл қазір өрт сөндірушілер картон зауыты аумағындағы жалынды ауыздықталып жатыр.
Нақтылаған ақпаратқа сәйкес, нысан Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында орналасқан.
“Картон зауыты аумағындағы қойма ангарында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, әкімшілік өкілдерінің айтуынша, ішінде адам жоқ. Оқиға орнында су үздіксіз беріліп жатыр. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны жұмылдырылды”, – деп хабарлады ТЖМ.