Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

Оқиға
Алматы облысында 11 адам сібір жарасын  жұқтырған

Алматы облысы Ұйғыр ауданында бірнеше адамға сібір жарасы жұққаны анықталды. Қазірге дейін 16 адам ауруханаға жеткізілген. Облыс әкімдігінде штаб отырысы өтті.

Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев эпидемиологиялық ошақты оқшаулап, санитарлық шараларды күшейту және тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу жөнінде тапсырды.

– Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізілді, эпидемиологиялық ошақ оқшауланды. Инфекция таралуының алдын алу үшін барлық тиісті шаралар қабылданды. Қыркүйектің 9-ы күні ауруханаға 16 адам жатқызылды. Олардың 11-і сібір жарасына шалдыққаны расталды, төртеудің талдау нәтижесі дертті жұқтырмағынын көрсетті. Ал біреуінің талдау нәтижесі нақтыланып жатыр. Бұл адамдардың бәріне тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр, олардың жағдайы қалыпты, – деп түсіндірді әкімдік. 

Әкімдіктің хабарлауынша, қазір жұқпалы аурудың таралуы байқалмайды, жағдай бақылауда. 

– Біз өңір тұрғындарынан сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Ет және ет өнімдерін сенімді сауда орындарынан ғана сатып алуды, сондай-ақ малды күтіп, баққанда барлық қауіпсіздік шарасын бұлжытпай орындауды ескертеміз. – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы.

Фото: Ростислав Нетисов/РИА «Новости»

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу