Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында бес балаға иіс тиді

Оқиға
Алматы облысында бес балаға иіс тиді
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында бес бала көмірқышқыл газынан уланып қалды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы жағдай 15 қарашада болған. Құтқарушылардың мәліметінше бес бала ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға пешті дұрыс пайдаланбау себеп болған: газ конфоркалары ашық күйде қалып, мұржа тазаланбаған.

«Барлық бала орташа ауыр хәлде, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін осы мекенжайдағы үй иелеріне өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы ескерту парағы берілген. Соған қарамастан, сақтық шаралары сақталмаған, салдарынан балалардың улануына алып келген.

Үй иесін ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу