freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында граната жарылып, бірнеше полицей жарақат алды

Оқиға
Алматы облысында граната жарылып, бірнеше полицей жарақат алды
Фото: ІІМ

Алматы облысында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде полиция қызметкерлеріне арналған өлімге әкелмейтін қол жарық-дыбыс гранатасы мерзімінен бұрын жарылған. Салдарынан бірнеше қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы 9 маусымда Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Техникалық оқиға болған жерге жақын орналасқан бөлім қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері әлеуметтік желілерде тараған көптеген жарылыс пен қызметкерлердің ауыр халде жатқаны туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы полициясының қызметкерлері оқу-жаттығу кезінде жаппай жарақат алғаны туралы мәліметтер тараған болатын.

Онда оқ-дәрілер алдымен полиция қызметкерлерінің аяқ астында жарылып, кейін олардың үстінде орналасқан басқа снарядтар детонацияға ұшырағаны айтылған.

Салдарынан 15 адам түрлі дене жарақатын алып, оларды Қонаев қалалық ауруханасына жеткізгені жөнінде ақпарат тараған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу