freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Құқық •
Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады.Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

22 ақпанда Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға шаруа қожалығының қорасынан 5 жылқысының ұрланғаны туралы арызданды. Беймәлім адамдар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды, - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Фото: Zakon.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу