freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында пойыз автобуспен соқтығысты

Оқиға
Алматы облысында пойыз автобуспен соқтығысты
Фото: instagram.com/police_almobl

Алматы облысы Боралдайдағы теміржол өткелінде бағыттық автобус пойызбен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы — Боралдай — Шамалған станциясы автожолы бойындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасына жол берген бағыттық автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы өтіп бара жатқан. Бағыттық автобус жүргізушісі жол бермей, соқтығысқа себеп болған», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған алты адам медициналық мекемеге жеткізілді. Кейін полиция оқиғада үш адамның зардап шеккенін нақтылады.

Сондай-ақ облыстық полиция қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 2025 жылы Тараз қаласында Асқаров көшесіндегі теміржол өткелінде жүк пойызы, Dongfeng бағыттық автобусы және Mercedes жеңіл көлігі қатысқан жол апаты болған. Ол кезде зардап шеккендер тіркелмеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу