freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді

Оқиға
Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді
365 info

Желіде Алматы облысының Балқаш ауданында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат тарады. БАҚ мәліметінше, 38 жастағы әйел полицей болып істейтін жұбайы мінген көліктің астына түскен.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде де пайда болды.

БАҚ мәліметінше, 16 мамырда Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қапшағай – Бақанас тасжолында жұбайын қағып өлтірген. Медиа мәліметтеріне қарағанда, оқиға қызметтік көлікпен болған.

Алматы облысы Полиция департаменті әйелдің қаза болғанын растады. Қылмыстық іс қозғалды.

ПД мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицияның баспасөз қызметі қызметкердің қатысы бар-жоғы туралы ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу