Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында тағы да жантүршігерлік жол апаты болды

Оқиға
Алматы облысында тағы да жантүршігерлік жол апаты болды

26 ақпан күні «Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен.

Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген ақпаратта.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рульде отырған немқұрайлық таныту – қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Фото: Алматы облысының полиция департаменті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу