Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қоғам
Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Олжас Смағұлов тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Алматы қаласында дүниеге келген.

Олжас Мұхтарұлы Америкалық құрлықаралық университетін, Помона қаласындағы Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Атырау облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында басшылық қызметтер атқарды. Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы болды.

2015–2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысында бірнеше басшылық қызметте жұмыс істеді.

2019–2021 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары, Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2021 жылы қарашадан бастап осы уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды.

Фото: Алматы әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу