Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған. Құқық қорғау органдары қажетті сараптамалар тағайындап, барлық мән-жайды анықтап жатыр.
Министр орынбасарының сөзінше, күдікті қамауға алынған, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда.
Бұған дейін, 22 ақпанда адвокат Ләззат Рақышева аталған ауыр қылмыстың 2025 жылғы 1 қыркүйекте болғанын хабарлаған.
Оның айтуынша, зорлықтың құрбаны 13 жастағы жасөспірім қыз. Ресми түрде расталмаған ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтың ВИЧ статусы оң болуы мүмкін екені де айтылған.