freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда 200-ге жуық адам ағылшын тілін оқимын деп алданып қалған

Қоғам
Алматыда 200-ге жуық адам ағылшын тілін оқимын деп алданып қалған
ktk.kz

Алматы қаласында тұрғындар ағылшын тілін оқыту қызметін ұсынған ұйымға жүздеген мың теңге төлегенімен, уәде етілген сабақтарды ала алмаған. Зардап шеккендердің айтуынша, олар курстар үшін шамамен 400 мың теңгеден төлеген, алайда оқу процесі басталмаған немесе қысқа уақыттан кейін тоқтап қалған.

Тұрғындар қызмет ақысын толық төлегеннен кейін байланыс нашарлап, сабақтардың өткізілмегенін алға тартады. Кейбір клиенттер қаражаттарын қайтаруға әрекеттенгенімен, нәтиже шықпағанын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр. Мамандар азаматтарға білім беру қызметтерін сатып алмас бұрын ұйымның құжаттарын мұқият тексеріп, келісімшарт талаптарымен толық танысуға кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу