freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды

Оқиға
Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды
скриншот

Алматыда нөсер жаңбыр кезінде ер адам арыққа құлап, көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол оқиға сәтінде мас күйде болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде арықтан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тараған. Алдын ала дерекке сәйкес, оны су ағысы құбыр бойымен ағызып әкеткен. Коммуналдық қызметтер бітелісті тазалау кезінде қоқыстың орнына адамның мәйітін анықтаған.

Полицияның хабарлауынша, ер адам жаңбыр кезінде алкогольдік масаң күйде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлаған.

Алдын ала анықталғандай, ер адам алкогольдік масаң күйде арыққа құлап, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу