freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды

Оқиға
Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Алматыда ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адамнан тұратын қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, арнайы операция 8 мамыр күні жүргізілген. Күдіктілердің арасында бұрын сотталған, қылмыстық ортада белгілі адамдар да бар.

Тергеу деректеріне сәйкес, топ мүшелері мегаполис аумағында жасалған бірнеше ауыр қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Олардың қатарында қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақтың заңсыз айналымы бар, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс

Полиция жалпы 21 тінту жүргізген. Нәтижесінде күдіктілерден көп көлемде қару мен оқ-дәрі тәркіленді.

ІІМ мәліметінше, күдіктілердің бірінің үйінен Калашников автоматы, кесілген мылтықтар, травматикалық қару және оқ-дәрілер табылған. Тергеу барысында бұл қарулардың бір бөлігі Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланғаны анықталған.

Қазіргі уақытта барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Қуандық Алпыстің айтуынша, тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары топтың өзге қылмыстарға қатысы мен басқа да ықтимал сыбайластарын анықтап жатыр.

ІІМ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу