Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда ер адам күзетшіні аяусыз соққыға жыққан

Оқиға
Алматыда ер адам күзетшіні аяусыз соққыға жыққан

Желіде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің ауласында күзет қызметкерін соққыға жыққан ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды. Полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

Соққыға жығылған күзетшінің видеосын заңгер Анна Чернова Facebook-желісіндегі парақшасында жариялаған.

Жазбада оқиға кеше Алматыда сағат 14:30-да болғаны жазылған. Белгісіз ер адам Шахристан тұрғын үй кешеніне көлігімен келіп, дабыл бере бастаған.

"Бұл тұрғын үй кешенінің ауласына автокөліктер кірмейді, сондықтан күзетшілер көлік иесінің әрекетін байқаған. Күзетшілердің бірі оған ескерту жасаған. Бірақ көліктегі ер адамға оның бұл қылығы ұнамаған секілді, себебі ол көліктен шығып, байғұс күзетшіге соққы жасаған. Соққыдан күзетші бірден құлаған", - делінген хабарламада.

Жазба авторы, сондай-ақ ер адам жерде жатқан күзетшіні ұра бергенін айтты.

"Бұл оқиға балалар мен жүргіншілердің көз алдында болған. Күзетшіні жедел жәрдем алып кетті", - делінген жазбада.

Полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Соққыға жығу дерегі бойынша Бостандық ауданы полиция басқармассы қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Іс толық, жан-жақты және әділ болуын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу